Соңғы бірер күнде халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Соңғы бірер күнде халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
3 жыл бұрын 3204 halaldamu.kz
АЛМАТЫ: ЕКІ МЕШІТТІҢ «ХАЛАЛ» СЕРТИФИКАТЫ (ФОТО) 

Алматы қаласындағы «Мырзахмет» және Таугүл-з» мешіттерінің асханасына ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС тарапынан қойылатын жалпы талаптар стандартына сай болғаны үшін сертификат берілді.

 Куәлікті Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан мен ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның Алматы қаласы бойынша өкілі Маратхан Чадаев «Мырзахмет» мешітінің бас имамы Ержан Абдраманов пен «Таугүл-3» мешітінің бас имамы Ернар Мәженге табыстады. 

Айта кететін жайт, бұл сертификат асхананың ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның «Тамақтандыру қызметтері» мен «Халал» өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына сай беріледі.

ТАЛДЫҚОРҒАН: "AS-SALAM" АСХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Талдықорған қаласында  орналасқан «AS-SALAM» асханасы «ҚМДБ Халал» сертификатына ие болды. Аталған қоғамдық тамақтану орны "Тамақтандыру қызметтері", "Халал өнімді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына" сай сертификатталды. Сертификатты «Халал Даму» Талдықорған  өңірі бойынша жауапты,  аймақтық  өкілі Мухамет Ордыбай табыстады.

 «AS-SALAM» асханасына берілген "QMDB halal" cертификаты 22.04.2021- 21.04.2022 мерзімі аралығында жарамды.

 
АҚТӨБЕ ОБЛ.: "КІШІ ЖҮЗ" ЕТ ДҮКЕНІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Ақтөбе қаласындағы "Сатыбалдиева А" кәсіпкерлігіне тиесілі "Кіші жүз" ет дүкені "QMDB halal" сертификатына ие болды. Сертификатты "Халал Дамудың" бас сарапшы-технологы Айжан Омарова мен  Ақтөбе өңірі бойынша жауапты инспектор-контролер Жарасхан Абдусаламов табыстады.

Мамандар тарапынан ревизорлық бақылау шаралары жүргізіліп, ет дүкені қызметі мен өндірісінің, дайын өнімінің бекітілген "Мал бауыздау және ет өңдеу", "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына сай" екендігіне көз жеткізілді.

"Кіші жүз" ет орталығының "Халал Даму" мамандары тарапынан толықтай тексерілгендігін және бекітілген стандарт әрі шариғат талаптарына сай екендігін хабарлаймыз! Халал әрі, қол жетімді ет өнімдерін Ақтөбе қаласы, 12-шағын ауданы, 51 А мекен-жайынан ала аласыздар!

 
0 пікір
Мұрағат