Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
5 ай бұрын 559 halaldamu.kz
АЛМАТЫДА ЕКІ КӘСІПОРЫН СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Алматы қаласындағы «French Bakery Almaty» кондитерлік өнімдері мен «Nomad Biopharm» емдік-профилактикалық өнімдері «QMDB Halal» стандарты бойынша сертификатталды. Сертификатты қаланың бас имамы Төлеби Оспан табыстады. Сертификат табыстау рәсіміне «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Ерлан Тайлақов та қатысты.

«Сертификаттау барысында технолог маманымыз кәсіпорындардың өндіріс аумағында толыққанды аудит шараларын орындап, лабораториялық тексеріс те жүргізілді. Қорытынды тексерістің оң нәтижесінен кейін екі кәсіпорынға да сертификат табыстау жөнінде шешім қабылданды», – дейді өкіліміз.

«French Bakery Almaty» және «Nomad Biopharm» кәсіпорындарына берілген халал сертификат 13.11.2023-12.11.2024 мерзімі аралығында жарамды.

«БАТЫС АДАЛ ЕТ» ҚАСАПХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Батыс Қазақстан облысындағы «Батыс адал ет» қасапханасы «QMDB Halal» сертификатына ие болды. Сертификатты «Халал Даму» жергілікті өкілі Асхат Асылбеков табыстады. Қасапхана «Ауылшаруашылығы жануарлары мен құстарын сою», «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау, сату стандарты» талаптары бойынша сертификатталды.

Асхат Асылбеков қасапхана «Батыс адал ет» қасапханасы басшылығына тұтынушыларды таза, адал ет өнімдерімен қамтамасыз ету арқылы, халал инсдустриясы мен ауылшаруашылық саласын дамыту жолындағы адал еңбектеріне алғысын білдірді. Сонымен қатар, «QMDB Halal» сертификатының маңыздылығын түсіндіріп, алдағы уақытта міндетті айлық тексеріс жұмыстары жүргізіліп тұратынын жеткізді.

Қасапханаға берілген «QMDB Halal» сертификаты 10.11.2023 – 09.11.2024ж мерзімі аралығында бір жылға жарамды. Мекен-жайы: Орал қаласы, Балбырауын көшесі, 1/6

0 пікір
Мұрағат