Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
6 ай бұрын 475 halaldamu.kz
«JANZETO» КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Астана қаласындағы «JANZETO» кондитерлік өнімдері сертификатталды. Кондитерлік дәмхана иесі діни басқармаға арнайы келіп, «Халал Даму» директоры А.Асқарбекұлының қолынан «QMDB HALAL» сертификатын алды.

«Елордасы Астанада халал дәмханалар, соның ішінде кондитерлік бағыттағы тамақтану орындары артып келеді. Кондитерлік кәсіпорын –мұқият тексеріс пен бірқатар лабораториялық зерттеуді қажет ететін халал саласындағы күрделі бағыттардың бірі. Себебі, өнім әзірлеуде қосылатын түрлі дәмдеуіштер, әрлегіш құралдар, бояғыштар көп. Соған қарамастан, «JANZETO» кондитерлік дәмханасы «Халал Даму» мамандарының толыққанды аудитінен өтіп, «QMDB Halal» сертификатына ие болып отыр. Кәсіптеріңізге береке тілейміз, халал өнімді тұтынушылар көп болсын!», – деген А.Асқарбекұлы кәсіпорын өкіліне ізгі тілегін білдіріп, екіжақты жұмыс мұнымен тоқтамайтынын жеткізді.

АЛМАТЫДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАР СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Алматы қаласындағы «Aksai Cake» кондитерлік өнімдері, «Alhadaya» профилактикалық өнімдері, ЖК «Суюндукова Г.Б» жартылай фабрикаттары сертификатталды. Сертификатты Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан мен «Халал Дамудың» жергілікті жауапты өкілі Ерлан Тайлақов табыстады.

«Технолог және инспектор-контролер мамандардың қатысуымен кәсіпорындардың өндіріс аумағында бақылау-қадағалау шаралары жүргізіліп, қажетті қоспалар лабораториялық сынақтан өткізілді. Орындалған шаралардың оң нәтижесінен кейін, «Aksai Cake», «Alhadaya», «Суюндукова Г.Б» кәсіпорындарына сертификат табыстау жөнінде шешім қабылданды», – деп хабарлайды жергілікті маманымыз.

ҚАРАҒАНДЫ: «HELLO GUYS» ДӘМХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Қарағанды қаласындағы «Hello Guys» фаст-фуд дәмханасы сертификатталды. Сертификатты жергілікті маман Амангелді Асқаров табыстады.

Тағам дайындауда қолданылатын дайын өнімдер мен тағамдық қоспалары технолог мамандар тарапынан толықтай тексерілді. Мамандармен бірлесе жүргізілген жұмыстың оң нәтижесінен кейін «Hello Guys» фаст-фуд дәмханасы «Тамақтану қызметтері» стандарт талаптарына сай деп танылды. «Hello Guys» фаст-фуд дәмханасына берілген «QMDB HALAL» сертификаты 17.10.2023-16.10.2024ж мерзімі аралығында жарамды. Дәмхананың мекен-жайы: Қарағанды қаласы, Шахтёров көшесі, 1/Б

0 пікір
Мұрағат