Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
1 жыл бұрын 2065 halaldamu.kz
Маңғыстау облысы: сертификаттар табысталды 

Маңғыстау облысының өкілі Іздібай Бегенұлы қасапшылық куәлігін және «Ерғазы», «Inlavash» кәспорындарына сертификаттарын табыстады

Ақтау қаласы, Мұнайлы ауданы, орталық базарда орналасқан «Ерғазы» ЖК «Ерғазы» ет дүкенінеіне ҚМДБ Халал сертификаты және Нургазы Орынгалиулына қасапшы куәлігі табысталды. Сертификаттың мерзімі 28.12.2023 дейін жарамды.

Ақтау қаласы, 28А ы/а-да орналасқан «Нұржан» ЖК «Inlavash» фаст-фуд өнімдеріне ҚМДБ Халал сертификаты табысталды. Сертификаттың мерзімі 26.12.2023 дейін жарамды.

Маңғыстау облысы: «Shogy» жартылай фабрикаттары «ҚМДБ халал» сертификатына ие болды 

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында өндірілетін «Shogy» жартылай фабрикаттары халал сертификатына ие болды.

Аталмыш мекеменің халал стандарттарына сай қызмет ету ниетіне байланысты және арнайы тексерістерден кейін, «Халал Даму» ЖШС-нің Маңғыстау облысындағы жауапты өкілі Іздібай Бегенұлы  мекеме басшылығына «Халал өнімдерді өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандарты бойынша арнайы құжатты табыс етті.

«Shogy» жартылай фабрикаттарына берілген сертификаттың жарамдылық мерзімі: 21.12.2022 – 20.12.2023.

Алматы қаласы: «Is Smile» фаст фуд өнімдері сертификатталды 

«ISSMILE» ЖШС фаст фуд өнімдеріне Алматы қаласының  Бас Имамы Төлеби Оспан жұма намазында табыстады

Аталмыш кәсіпорын қоғамдық тамақтану қызметтері ЖШС СТ 96090-3-2021  стандартына сай екендігін және Халал өнімдерін өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар  ЖШС СТ 96090-1-2021 стандартына сай екендігін растайды.

«Is Smile» фаст фуд өнімдеріне берілген сертификаттың жарамдылық мерзімі: 12.09.2023 жылға дейін.

«Is Smile» мекен-жайы: Алматы қаласы,Жетісу-3 ықшам ауданы, 1/3. 

0 пікір
Мұрағат