«Feradisin» өнімдері Халал сертификаттаудан өтті
«Feradisin» өнімдері Халал сертификаттаудан өтті
6 жыл бұрын 5055 muftyat.kz

Алматы қаласында әр түрлі тазалаушы заттарды өндірумен айналысатын «Feradisin» өнімдері ҚМДБ-ның тексерісінен өтіп, Халал сертификатына ие болды. Сонымен қатар, кәсіпорын Түркия еліндегі ең абыройлы GIMDES Халал сертификаттау органының сертификатын алған. 

Аталмыш кәсіпорын шампунь, сабын, тіс пасталары және тағы да басқа тазалаушы заттарды өндірумен айналысады. Айта кетерлік жайт, «Feradisin» өнімдері Түркия елінде жасалып шығарылады. 2017 жылдың қараша айынан бастап кәсіпорын өнімдері Қазақстан аумағына кеңінен таралуда.

Сертификатты ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның директор орынбасары Ануар Ізімбайұлы арнайы табыстады.

0 пікір
Мұрағат