Байланыс қызметін көрсету ережесіне жаңа өзгертулер енгізіледі
Байланыс қызметін көрсету ережесіне жаңа өзгертулер енгізіледі
6 жыл бұрын 2607 7kun.kz Tengrinews.kz

Министрлік байланыс қызметін көрсету ережесіне жаңа өзгертулер енгізеді. Бұл өзгертулер ұялы байланыс абоненттері көптен бері айтып жүрген бірқатар проблеманы шешуге бағытталып отыр, деп хабарлайды Дәурен Абаев өзінің әлеуметтік парақшасында.

Жаңа ереже байланыс операторларына жеке шотта қаражат болмаған жағдайда қызмет көрсетуге тосқауыл қойып отыр. Бұл – негізінен роуминг қызметіне қатысты. Осылайша, абоненттік номердің «минус» болуы, яғни қарыз болып қалуы алдын алынады.

Сондай-ақ, бұдан былай ауыстырылған номерге қоңырау шалу кезінде «beep» қосу сигналын еріктен тыс орнату практикасы жойылады. Енді шақыру сигналының алдында қосымша акустикалық сигналдар мен паузаларды орнату абоненттің өтінішімен ғана іске асады.

Сонымен қатар, абонентке ussd команда немесе смс жіберуді енгізу арқылы қосымша байланыс қызметтерін таңу проблемасы да шешілді. Енді қолданушылар клавишті қателесіп басу, кездейсоқ хабарлама жіберу немесе басқа да байқаусызда болған әрекеттер салдарынан қажетсіз қызметтерге қосылып кетпейді.

Жақын уақытта құжаттың толық мәтіні жарияланатын болады. Содан кейін 10 күннен соң ол күшіне енеді.

Қымбатты достар!

Біздің министрлік Байланыс қызметін көрсету ережесіне жаңа өзгертулер енгізуде. Бұл өзгертулер ұялы байланыс абоненттері көптен бері айтып жүрген бірқатар проблеманы шешуге бағытталып отыр.
Осыған бірнеше мысал келтіре кетейін.
Жаңа ереже байланыс операторларына жеке шотта қаражат болмаған жағдайда қызмет көрсетуге тосқауыл қойып отыр. Бұл - негізінен роуминг қызметіне қатысты. Осылайша, біз абоненттік номердің «минус» болуының, яғни қарыз болып қалуының алдын аламыз.
Сондай-ақ, бұдан былай ауыстырылған номерге қоңырау шалу кезінде «beep» қосу сигналын еріктен тыс орнату практикасы жойылады. Енді шақыру сигналының алдында қосымша акустикалық сигналдар мен паузаларды орнату абоненттің өтінішімен ғана іске асады. 
Сонымен қатар, абонентке ussd команда немесе смс жіберуді енгізу арқылы қосымша байланыс қызметтерін таңу проблемасы да шешілді. Енді клавишті қателесіп басу, кездейсоқ хабарлама жіберу немесе басқа да байқаусызда болған әрекеттер салдарынан қажетсіз қызметтерге қосылып кетпейсіз. 
Жақын уақытта құжаттың толық мәтіні БАҚ-та жарияланады, осыдан кейін 10 күннен соң ол күшіне енеді.

0 пікір
Мұрағат