Елордадағы «Al Baraka» мейрамханасы халал сертификатын алды
Елордадағы «Al Baraka» мейрамханасы халал сертификатын алды
5 жыл бұрын 3303 muftyat.kz

Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Al Baraka» мейрамханасы ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС ұйымының сертификатын алды.

Аталмыш мейрамхана басшылығы тарапынан түскен өтінішке орай бір апта көлемінде тексеріс жұмыстары жүргізіліп, халал мейрамхана атына лайық деп танылды.

Сертификатты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі, халал өнімдерін стандарттау бөлімінің кураторы Бауыржан Әбдірәшұлы табыстады.

Осымен Нұр-Сұлтан қаласындағы халал сертификатын алған мейрамханалар мен дәмханалардың саны 40-қа жетті. 

0 пікір
Мұрағат