«Алтын Диірмен» корпарациясы халал сертификатына ие болды (фото)
«Алтын Диірмен» корпарациясы халал сертификатына ие болды (фото)
8 жыл бұрын 2903 muftyat.kz Ануар Ізімбайұлы, ҚМДБ Халал стандарттау бөлімінің қызметкері

Тарихы сонау 1932 жылдан бастау алатын алып корпарация «Алтын диірмен» халал сертификатына ие болды. Еліміз тәуелсіздік алған жылдарға дейін комбинат «Алматы ұн жарма комбинаты» деп аталып келген. Аталмыш мекемеде бүгін де 1000-ға жуық адам қызмет атқаруда. Мекеме халықаралық деңгейде қызмет атқарады. Корпарация халықты тәулігіне «Әділ» атауымен 150 тонна ұн, 40 тонна макарон және 16 түрлі кондитерлік өнімдерімен қамтамасыз етуде. ҚМДБ халал стандарттау бөлімінің бір ай көлемінде толықтай тексерісі нәтижесінде АҚ «Алтын Диірмен» корпарациясы халал сертификатына ие болды.

0 пікір
Мұрағат