Қазақстанның қай өңірлерінде қай көліктер өтімді?
Қазақстанның қай өңірлерінде қай көліктер өтімді?
7 жыл бұрын 2396 naryk.kz 7kun.kz Камила Дүйсенова

Қазақстан бойынша салоннан жаңа жеңіл көлік сатып алу көрсеткіші Алматы, Астана, Атырау, Қостанай, Шымкент қалаларында жоғары.

Содан кейін Қарағанды, Ақтау, Өскемен, Орал мен Ақтөбе белсенді.

Биылғы жылдың алғашқы маусымында Алматыда 2034 жаңа көлік сатылса, Астанада 1392, Атырауда 575 жаңа көлік өткен.

Брендтер ішінде Lada мен Toyota көшбасшы.

Ладаны ұнататындар Ақмола, Атырау, ШҚО, Жамбыл, БҚО, Қостанай, Павлодар мен СҚО облыстарында.

Ал Toyota көлігінің негізгі тұтынушылары Астана, Алматы қалалары мен Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау мен ОҚО облыстарында.

Қазақстан бойынша ең өтімді көлік Lada 4×4. Бұның негізгі тұтынушылары Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, БҚО; Қарағанды мен СҚО облыстарында.

Екінші орында Ravon Nexia седаны. Бұл көлік ШҚО, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, ОҚО облыстарында көбірек сатылған.

Toyota Camry седанының тұтынушылары Алматы мен Астана қалалары, Алматы, Павлодар облыстары.

Қазақстанда 14 мың автокөлік утилизацияға өткізілген

Қазақстандықтар 2016 жылдың 21 қарашасынан 2017 жылдың 25 сәуіріне дейін 14,322 автокөлікті утилизацияға өткізді, деп хабарлайды қазақсnfндық автобизнес қауымдастығының баспасөз қызметі.

Ескі көлігін ең көп тапсырған шымкенттіктер болып шықты. Бұл өңірде 1 897 авткөлік өткізілген.

Екінші орында Талдықорған — 1 163, ал Алматылықтар 989 автокөлік тапсырған.

Көліктердің ең көнесі 1948 жылы шыққан «Москвич» болса, ең «жасы» 2012 жылғы 2 автокөлік болды. Олардың маркасы айтылмайды. Өткізілген автокөліктердің орта жасы 2-30 жыл.

0 пікір
Мұрағат