Қазақстандықтардың тіркелмеген телефондары бұғатталады
Қазақстандықтардың тіркелмеген телефондары бұғатталады
5 жыл бұрын 2191

Beeline абоненттерінен өз гаджетінің дұрыс тіркелгенін тексеруді сұрады. Бұл жайында stan.kz ақпарат көзі хабар таратты. 

Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, еліміздегі заң бойынша оператор ИДБМ (идентификациялық кодтардың базалық мәліметі) жоқ абоненттерге немесе мәліметі сәйкес келмейтін абоненттерге қызмет көрсетпеуі тиіс. 

Тек тіркеуден өткен абонентке ғана қызмет көрсетіледі. SIM-карта қолданатын барлық телефондар иесінің атына тіркелуі керек. 

Тіркеуді *835# арқылы тексеруге болады немесе Beeline, ИДБМ ресурсында тексеру керек.

0 пікір
Мұрағат