Қазақстандықтар шетелге 500 млрд-қа жуық теңге аударды
Қазақстандықтар шетелге 500 млрд-қа жуық теңге аударды
6 жыл бұрын 2724
Қазақстан тұрғындары өткен жылы шетелге жарты триллиондай ақша жолдады. Ол бір жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда 30% дерлік көп, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі finprom.kz басылымына сілтеме жасап.
 

Орташа есеппен алғанда бір чекте 200 мың теңге көрсетілген.

2017 жылда Қазақстан Республикасынан шетелге 496,6 млрд теңге жіберілді. Ол 2016 жылмен салыстырғанда 29,9% көп. 2016 жылы 382,2 млрд теңге жіберіліп, 2015 жылдан 14,1% артық болған.

Транзакция саны 17%, 2,5 млн-ға дейін өсті. Бір жыл бұрын 2,1 миллион транзакция болған.

Ақша аударымдарының ішінде ең көбін «Золотая Корона» жүйесі орындады. Былтыр осы арқылы 253,3 млрд теңге жіберілді.

Сонымен қатар, Western Union - 79,8 млрд теңге (бір жыл ішінде 1,9%) және Юнистрим арқылы 53 млрд теңге (бір жыл ішінде 28,8% көп) аударылды.

Қазақстандықтар көбіне Ресейге (барлық аударымның 38,6% ) ақша жіберген. Өзбекстанға аударылған қаражат 18%, Қырғызстанға 8,6% болып тұр. 

0 пікір
Мұрағат