Қазақстандықтар шет елден жылжымайтын мүлікті көп сатып ала бастады
Қазақстандықтар шет елден жылжымайтын мүлікті көп сатып ала бастады
7 жыл бұрын 2181 7kun.kz abctv.kz neva.today

2017 жылы казақстандықтардың шетелдің жылжымайтын мүлкіне деген сұранысы 20-25 пайызға артты. Бұл туралы Hayat Estate компаниясының сату жөніндегі менеджері Юрий Зуев хабарлады.

Оның айтуынша, отандастарымыздың Болгария, Түркия және Испания елдерінен жылжымайтын мүлік қарастыруға деген қызығушылықтары басым. Юрий Зуев бұл құбылысты теңге девальвациясымен байланысты болуы мүмкін деп есептейді.

«Қазақстандықтар бізге тұрақты хабарласады. Соңғы жылдары сұраныс 20-25 пайызға артты. Клиенттер көшу үшін, демалуға, сонымен қатар жалға беріп ақша табу мақсатында шет елдің жылжымайтын мүлкіне қызығады. Шетелден жылжымайтын мүлік сатып алғысы келетіндердің басым бөлігі Түркияны таңдайды. Себебі Түркияның менталитеті жақынырақ және инвесторларға жақсы табыс табуға мүмкіндік береді», — деді ол.

Ал Тайландтан үй алатындар жалға беру арқылы ақша табуға тырысады екен.

Henley & Partners компаниясының директоры Ирина Симонянның айтуынша, қазақстандықтардың Италия, Ұлыбритания, Испания және Португалияға сұранысы жоғары. Швейцария мен Монако әдеттегідей сұраныс көп түсетін елдер қатарында қала бермек.

0 пікір
Мұрағат