Қазақстандықтар қандай жағдайда құжаттағы тегін өзгерте алады
Қазақстандықтар қандай жағдайда құжаттағы тегін өзгерте алады
7 жыл бұрын 4365 inform.kz Кенжекей Тоқтамұратқызы

Әділет министрлігінің ресми өкілі Олжас Рамазанов жеке парақшасында Қазақстан азаматтары қандай жағдайда құжаттағы тегін өзгерте алатынын жазды. Әділет министрлігінің өкілі хабарлағандай, мынандай 13 себеп болса, адам құжаттағы тегін ауыстыра алады екен:       

1) аты, әкесiнiң аты, тегi оғаш естiлсе;      

2) атын, әкесiнiң атын, тегiн айту тілге қиын болса;      

3) егер некені мемлекеттік тіркеу кезінде некеге дейiнгі тектерінде қалса, жұбайымен ортақ текте болғысы келген жұбайдың тілегі;      

4) егер неке бұзылған кезде бұл туралы мәлімделмесе, некеге дейiнгi тегiн алғысы келсе;      

5) бұрынғы некеден туған балаларымен ортақ текте болғысы келсе;      

6) жұбайы қайтыс болған жағдайда некеге дейiнгi тегiн алғысы келсе;      

7) жұбайы қайтыс болған жағдайда өтiнiш берушi некеге дейiнгi тегiнде болғанда, балаларымен ортақ текте болғысы келсе;      

8) өтініш беруші таңдаған ата-аналарының бірінің ұлтына (ата-аналарының ұлты әртүрлі болған кезде) сәйкес келетін атты және (немесе) текті алғысы келсе;      

9) құжаттардағы атынан өзгеше, өмірде нақты қалыптасқан атын алғысы келсе;      

10) егер некеге отырған (ерлі-зайыпты болған) кезде жұбайының тегі қабылданса, некеге дейінгі тегін алғысы келсе;      

11) ұлттық дәстүрлерге байланысты әкесiнiң немесе атасының аты бойынша тек алғысы келсе;      

12) өтініш берушіні іс жүзінде тәрбиелеген адамның тегі мен аты бойынша текті және әкесінің атын алғысы келсе;      

13) жынысын хирургиялық жолмен өзгерткен кезде таңдаған жынысқа сәйкес келетін атты, әкесінің атын, текті алғысы келсе қазақстандықтар заң бойынша тектерін ауыстыра алады.

Бұл шарттар «Неке және отбасы» туралы кодекстің 257-бабында толығымен жазылған. 

0 пікір
Мұрағат