Қазақстандықтар паспорты мен жеке куәліктерін екі күннің ішінде рәсімдей алады
Қазақстандықтар паспорты мен жеке куәліктерін екі күннің ішінде рәсімдей алады
8 жыл бұрын 2791

ҚР Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куəлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куəлігі мен босқын куəлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою жəне жою қағидаларына өзгерістер енгізілді.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Қаулы мәтінінде атап өтілгендей, Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куəландыратын Құжат рәсімделген жəне оларды жеделдетілген түрде бергені үшін төлем төленген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде (Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында), төрт жұмыс күн ішінде (облыс орталықтарында) жеделдетілген тəртіппен беріледі.

Жеке тұлғаның қалауы бойынша шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат, азаматтығы жоқ адамның куəлігі рәсімделген күннен бастап жеті, он жəне он бес жұмыс күні ішінде жеделдетілген тəртіппен беріледі.

Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң (25 тамызда) қолданысқа енгізіледі.

0 пікір
Мұрағат