Қазақстандық жастар оқу бітіргеннен кейін 3 жыл ауылда істейтін болды
Қазақстандық жастар оқу бітіргеннен кейін 3 жыл ауылда істейтін болды
4 жыл бұрын 3874

Жаңа қаулы қабылданды. Бұл жайында bugin.kz ақпарат көзі хабар таратты. 

Педагогика, медицина, ветеринария және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша квотамен білім алған ауыл жастары оқуын аяқтаған соң үш жыл ауылда жұмыс істейтін болды. Тиісті қаулыға Асқар Мамин қол қойды. Бұл қаулы премьер-министрдің ресми сайтында жарияланды.

Құжатта жазылған ақпарат бойынша педагогтік, медициналық, ветеринариялық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша ауыл жастары қатарынан шыққан азаматтарға берілетін квота шегінде оқуға түскен азаматтар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын бітіргеннен кейін, кемінде үш жыл ауылдық жерде орналасқан мемлекеттік білім беру ұйымдарында, мемлекеттік медицина мекемелерінде, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар бөлімшелерінде, мемлекеттік ветеринария ұйымдарында және меншік нысанына қарамастан, аграрлық бейіндегі ұйымдарда жұмысын өтейді.

Сондай-ақ, үш жыл ауылда жұмыс істеу жөніндегі міндетке қатысты өзгерістер енгізілді.

Қаулы бойынша ауылда жұмыс істеу міндеті тоқтатылады: 

- білім алушы (жас маман, философия докторы (РhD)) қайтыс болса, тиісті құжаттармен расталуы тиіс;

- жұмыс істеп жүрген кезінде I және II топ мүгедектігі берілсе;

- заңда және осы қағидалардың 27-тармағында көзделген жағдайларда.

0 пікір
Мұрағат