Қазақстандық дәрігерлер енді ауруды алдын ала анықтай алады
Қазақстандық дәрігерлер енді ауруды алдын ала анықтай алады
5 жыл бұрын 2774

Қазақстандық дәрігерлер ауруды алдын ала анықтауды үйренді. Олар дерт түрі пайда болмастан оны бірнеше жыл бұрын болжай алады. Ол үшін қан анализін тапсыру қажет. Бірақ, бұл қызмет әзірге тек астаналықтарға қолжетімді. Алдағы уақытта еліміздің басқа аймақтарына да енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Stan.kzақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Медицинадағы жетістік жайлы Астанада өткен денсаулық сақтау форумында айтылды. Шара тұңғыш президент қорының қолдауымен ұйымдастырылды.

Қатысушылар онкология, кардиология, хирургия мен нейрохирургияға арналған роботтандырылған техника саласындағы жаңа зерттеулерін таныстырды. Сондай-ақ, отандық дәрігерлер жаңа технологиялардың көмегімен күрделі операция жасап, өз шеберліктерін көрсетті. Форум қатысушылары мұны тікелей эфир арқылы тамашалады. Президент ісі басқармасы медициналық орталығы дәрігерлерінің мүмкіндіктері мен атқарған жұмыстары көпшілікті таңғалдырды. Атап өтетін жайт, форумға қатысушылардың арасында Австрия, Израиль, АҚШ, Оңтүстік Корея, Германия және басқа да елдерден келген кәсіби мамандар бар.

“Роботтың көмегімен өт қабына күрделі операция жасалуда. Операцияны шетелде оқып келген отандық дәрігерлер жасап жатыр. Бұл отаның ұзақтығы эндоскопиялық жолмен жасалатын операциямен тең. Тек адам қатыспайды”, – дейді Президент ісі басқармасы медициналық орталығының жетекшісі ажар Төреғалиева.

0 пікір
Мұрағат