Қазақстанда тез дайындалатын «халал» кеспе шығарыла бастады (ФОТО)
Қазақстанда тез дайындалатын «халал» кеспе шығарыла бастады (ФОТО)
8 жыл бұрын 4559 bag.kz

Мамыр айында тез дайындалатын «Қазан Кеспе» кеспе өндірісі желісінің ашылуы болып өтті. Кеспенің «Халал», табиғи және ең үздік дәмділік сапасынан өзге тағы бір артықшылығы – өнімді дайындауда тек отандық өнімдер қолданылады. 

Оңстүстік Қазақстан облысында жергілікті билік өкілдерінің көмегімен кеспе өндіретін «Қазан Кеспе» зауыты тұрғызылды.

«Қазан Кеспе» – «халал» сертификатын алған сапа стандартына сай өнім.

«Қазақстанда нарыққа ұсынылған басқа өнімдерден ең басты айырмашылығы мен артықшылығы, ол - «халал» сапасы», - дейді "Lotus Food Company" ЖШС директоры Әллиақпар Ибадуллаев.

– Қазақстанда отандық кеспе даярлайтын өндіріс орындары аса көп емес, ел нарығын Қытай және Ресей өнімдері «жаулап» алған. Біздің мақсатымыз – алғашқы жылы нарық сегментінің 20%-ына қол жеткізу.

Елімізде кеспе шығаратын жергілікті өндіріс орындары айтарлықтай көп емес, ал сапалы өнімнің жағдайы бұдан да қиын. Тіпті біздің дүкен сөрелеріндегі импорттық өнімдердің өзі сапа стандарттарына сай келе бермейді. «Қазан кеспенің» құны – 220 теңге, алайда сапа жағынан біздің кеспе құны одан жоғары өнімдерден кем түспейді».

Өндіріске 471 миллион теңге көлемінде инвестиция құйылған. Ал зауыттың өндірістік жылдамдығы жоғары, нақтыласақ, күніне 120 мың данаға дейін өнім шығарады.

Кеспені дайындау үшін халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін қазақстандық ұн қолданылады. Бұл ˗ ешқандай химиялық қоспасы жоқ 100% табиғи өнім. Өндірушілердің айтуынша кеспені дайындау технологиясы қарапайым, алайда дайын өнімнің сапасына тікелей ықпал ететін кезеңдер бар. Мәселен, жоғары сапалы қамыр илеп шығару үшін азық-түлік мөлшерін дұрыс таңдай білу керек. Содан соң буда ұстау технологиясы қолданылады: ол үшін алдымен қамыр (100 градустық) бумен өңделеді, кептіріліп, майға қуырылады, одан кейін тағы кептіріліп тостағанмен қапталады.

«Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданында зауыттың ашылуы өндірісті іске қосумен қатар, жаңа 50 жұмыс орнын ашып, 100 шақты отбасы тұратын шағын елді мекеннің тұрғындарын қуанышқа бөледі, - дейді "Lotus Food Company" ЖШС директоры Әллиақпар Ибадуллаев.

– Дәл осы жерде индустриалдық аймақ орналасқан – бұл жергілікті әкімшіліктің жобасы. Осының арқасында, жер теліміне қысқа мерзімде қол жеткізіп, өндірісті ұйымдастырып, іске қостық».

0 пікір
Мұрағат