Қазақстанда қоғамдық денсаулық сақтау қызметі құрылады
Қазақстанда қоғамдық денсаулық сақтау қызметі құрылады
8 жыл бұрын 2657 Baq.kz Арман АСҚАРОВ

Аталған бастаманың аясында санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қайтадан денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің құрамына енуі әбден мүмкін.

Қоғамдық денсаулық сақтау қызметін құру 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттердің бірі ретінде белгіленіп отыр.
"Дүниежүзілік банк пен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының ұсынымдары негізінде Қазақстанда санитарлық-эпидемиологиялық қызмет пен тамақтануды оңтайландыру, салауатты өмір салтын қалыптастыруды біріктіру негізінде Қоғамдық денсаулық сақтау қызметін құру қарастырылған. Оның негізгі міндеті - жұқпалы және негізгі жұқпалы емес ауруларды бақылау және эпидемиологиялық қадағалау, профилактикалық шараларды өткізу, xалықтың xабардар болуын арттыру және тағы басқа"-делінген денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенованың қоғамдық кеңес алдында есеп беру кездесуіне арналған баспасөз xабарламасында.
Айта кетейік, бүгінде санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ҚР Ұлттық экономика министрлігінің тұтынушыларды қорғау комитетінің құрамына кіреді.

0 пікір
Мұрағат