Қазақстанда онлайн-төлемдерді жүргізуге тыйым салынады
Қазақстанда онлайн-төлемдерді жүргізуге тыйым салынады
6 жыл бұрын 2607

Ішкі Істер Министрі Қалмұханбет Қасымовтың пікірінше, бұл шешім есірткімен күресуге көмектеседі. Бұл туралы Bnews.kz  басылымына сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

“Есірткілер Интернет арқылы таралады. Қазір біз арнайы жұмыс жасап жатырмыз. Елбасы Әкімшілігінің бұйрығы бар. Бізге және Ұлттық банкке Qiwi-әмияндарды алып тастау туралы бұйрық келді”, — деді министр Мәжіліс отырысынан соң.

Ол қазір Қазақстанда 10 АЕК-ге (шамамен 24 мың теңге) дейін ақшаны анонимді түрде аударуға болатынын айтты.

“Біз бұл дұрыс емес деп санаймыз. Барлық есептер есімдермен жүргізулері керек. Сондықтан біз Интернеттегі анонимді сауданы тоқтатамыз”, — деді Қалмұханбет Қасымов.

Мәжіліс депутаты Нұрлан Әбдіровтың сөзінше, Қазақстанда есірткілер жарнамаланатын, таратылатын 845 интернет-ресурс табылды. Ақпарат және коммуникация министрлігі осындай 539 сайтты бұғаттады. Telegram желісінен тағы да осы сынды 12 арна табылды.

Олар (наркодилерлер) адамды төтесінен ұстағанда ғана полицейлердің іске қатысатынын біледі.  Сондықтан Telegram арқылы хабарлап, әртүрлі жерлерде шашылып жүреді. Егер біз оны тауып алсақ, сатушыны емес, тұтынушыны ұстаймыз. Бұл ақтық шайқас емес. Кейбір жерде қабырғаларда біреулер сайттардың мекенжайын жазуда”, —деді министр.

0 пікір
Мұрағат