Қазақстанда мектептерде ақша жинаған мұғалімдер жұмыстан шығарылуы мүмкін
Қазақстанда мектептерде ақша жинаған мұғалімдер жұмыстан шығарылуы мүмкін
8 жыл бұрын 2604 tengrinews.kz

ҚР білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева қазақстандық ата-аналардың мектептерде ақша жинау мәселесіне қатысты наразылығына жауап берді.

Вице-министр ҚР БҒМ өкілдерінің бұйрығына сәйкес, мектептерде ақша жинауға тыйым салынғанын еске салды. 

"Біз саясатымызды барынша қатаң түрде жүргізіп жатырмыз: мектептерде ақша жинауға жол жоқ. Бірақ ереже бұзушылықтар кездеседі. Біз жергілікті атқару органдарындағыларға ақша жинау деректері бойынша қатаң шараларды қолданып жатқанымызды айтамыз. Барлығы бақылауда. Және де біз ата-аналар сияқты мектептерде ақша жинауға үзілді-кесілді қарсымыз", - деді ҚР БҒМ вице-министрі.

Еске салайық, осыған дейін Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев мектептердегі ақша жинау мәселесінің бақылауда екенін айтқан болатын. "Әріптестер, ақша жинау мәселесі бойынша комиссия өз жұмысын бастады. Ақша жинау деректерінің барлығы зерттелетін болады, сәйкесінше шаралар да қолданылады. Бұл мәселе түбегейлі шешілетін болады. Комиссия атқарған жұмыстың қорытындысы бойынша мен сіздермен кездесіп, тағы да осы мәселені талқылауға дайынмын. Әр мектепке баратын боламыз!", - деп жазды Исекешев әлеуметтік желіде.

0 пікір
Мұрағат