Қазақстанда криптовалютаның жаңа түрі пайда болды
Қазақстанда криптовалютаның жаңа түрі пайда болды
6 жыл бұрын 2432

Қазақстанда блокчейн технологиясының көмегімен жұмыс істейтін халықкоин атты жаңа криптовалюта түрі пайда болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Halykcoin баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Криптовалютаны жасап шығару мәселесімен 15 адамнан құрылған Halykcoin Foundation тобы айналысты. Олардың арасында бағдарламашылар, крипто-қаржыгерлер және маркетологтар бар. Баспасөз қызметі мәліметіне сүйенсек, халықкоин 21 желтоқсаннан бастап өзге валюталармен қатар биржаларда саудаланатын болады. Мұнымен қатар, халықкоиндарды шетелде жүріп те иелене аласыз.

Жасап шығарушылардың айтуынша, бұл валюта түрі Қазақстанның имиджін жақсартып, шетелдік инвесторларға белгілі бір деңгейде сенім ұялатады.

0 пікір
Мұрағат