Қазақстанда көлікті электронды түрде тіркеп, мемнөмірді үйге жеткізіп алу мүмкіндігі болады
Қазақстанда көлікті электронды түрде тіркеп, мемнөмірді үйге жеткізіп алу мүмкіндігі болады
6 жыл бұрын 2397 Тұрар Қазанғапов

Автокөлікке құжат толтыру мен мемлекеттік тіркеу нөмірін беру толықтай электронды форматқа өткізіледі. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының төрағасы Абылайхан Оспанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"ІІМ-мен бірге көлік құралдарын тіркеу процедураларын оңтайландыру мүмкіндіктерін қарастырдық. Толықтай электронды форматқа көшіруді жоспарлап отырмыз: мемлекеттік нөмірді таңдау, барлық қажетті тексеріс, төлем, арнайы ХҚКО-ға келіп агрегатты салыстырып, дайын құжатты алып кету ғана қалады", - дейді Оспанов үкімет отырысында. 

Сонымен қатар, бұл қызметті алда бәсекелес ортаға беру де қарастырылып отыр екен. "Мемлекеттік нөмірді "Қазпошта" арқылы жеткізу. Осылайша, көлікті қайта тіркеу 20 минуттан аспайтын болады деп жоспарлап отырмыз", - деп түйіндеді Оспанов.

0 пікір
Мұрағат