Қазақстанда көкөністер мен сүт өнімдері қымбаттады
Қазақстанда көкөністер мен сүт өнімдері қымбаттады
8 жыл бұрын 3493 7kun.kz

2016 жылғы қаңтар-тамызда экспортталатын тауарларға баға — 10,7%, импортталатындарға 12,7%-ға жоғарылады. Бұл туралы статистика комитеті хабарлады.

Сыртқы сауда бағасының өзгеруі
пайызбен, өсуі +, төмендеуі —
  2016 жылғы тамыз 2016ж. қаңтар-тамыз
2015ж. қаңтар-тамызға
2016ж. шілдеге 2015ж. тамызға 2015ж. желтоқсанға
Экспорт – барлығы -1,6 -1,5 10,7 -8,5
       Шикізат -3,8 -4,1 8,2 -14,5
       Жартылай дайын өнімдер 4,0 6,8 18,2 4,6
       Дайын өнімдер 2,3 -17,3 11,9 -12,6
Импорт – барлығы 0,6 8,3 12,7 10,0
       Шикізат 3,1 3,2 6,2 13,0
       Жартылай дайын өнімдер 0,5 5,0 7,6 4,3
       Дайын өнімдер 0,4 9,1 14,2 10,7

Жыл басынан бергі кезеңде экспорттық жеткізілімдердің бағасы мырышқа — 50,9%, қара металдар илегіне — 40,2%, қорғасынға — 34,3%, алюминийге — 25,4%, ферроқорытпаларға — 17,1%, түсті және қара метал кендеріне — 15,2%, мысқа — 13,7%, мұнайға — 11,4%, көмірге — 8,7%, табиғи газға — 2,6%-ға жоғарылады. Бағаның астыққа — 24,2%, мақтаға — 14,7%, жүнге — 11,1%-ға жоғарылауы тіркелді.

Импорттық өнімдерден көкөністер — 51,4%, шай — 21,4%, құс еті — 18,9%, жемістер мен жаңғақтар — 16,1%, қант — 12,2%, балық — 10,8%, сүт өнімдері — 6,7%. Баға сүрекке — 24,9%, тоқыма бұйымдарына — 19,9%, аяқкиімге – 19,7%-ға жоғарылады.

k13-10-2016-2

0 пікір
Мұрағат