Қазақстанда ерлі-зайыптылардың 16 пайызы бедеулікке ұшыраған
Қазақстанда ерлі-зайыптылардың 16 пайызы бедеулікке ұшыраған
8 жыл бұрын 2547 inform.kz Р.Ғаббасов

Еліміздегі ерлі-зайыптылардың 16 пайызға жуығы бала көтере алмайды. Бұл туралы Астанада ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысы алдында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цой мәлім етті.

«Мемлекет әйелдер мен балалардың денсаулығына ереше назар аударып отырғандығын білесіздер. Бұл тұрғыда даярланған көп бағдарламалар бүгінде тиімді жұмыс істеуде. Бүгін отырыста ерлердің денсаулығы мәселесін көтереміз. Себебі, статистикалық мәліметтер ер адамдарға назар аудару қажеттігін байқатып отыр», - деп тоқталды А. Цой.

2015 жылдың қорытындысы бойынша елімізде ерлердің өмір ұзақтығы әйелдерге қарағанда 9 жылға кем көрінеді.

«Еңбекке қабілетті жастағы өлім-жітімге тоқталсақ, осы ретте ерлердің қаза болуы 24 пайызға артық. Еліміздегі ерлі-зайыптылардың 16 пайызға жуығында бедеулік проблемасы бар, оның ішінде 48 пайызы ерлердің ұрпақсыздығы себебіне байланысты»,-деді вице-министр.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мәліметіне қарағанда, елімізде ерлердің репродуктивті жүйесі аурулары тыныс алу органдарының, қан айналымы жүйесі мен ас қорыту ауруларынан кейінгі таралуы бойынша төртінші орын алады. 2015 жылы уроандрологиялық аурулардың 591 мың оқиғасы тіркелді. Бүгінде осы ауруларды анықтау үшін еліміздің барлық өңірлерінде урологиялық және андрологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдар құрылды. Олардың аясында Ерлер денсаулығы мен отбасылық ұзақ өмір сүру орталықтары жұмыс істей бастады. 2015 жылы осы орталықтарда ерлердің ұрпақты болу жүйесі аурулары бойынша 46 606 ер адам тексеруден өтті және емделді. 

Ерлер арасындағы белсіздік көрсеткіші 48 пайызға жеткен (видео)

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысында айтылды.  Ресми деректерге сәйкес ерлер әйелдерге қарағанда 9 жыл аз өмір сүреді. Еңбекке қабілетті азаматтар арасындағы өлім-жітім 24 пайызға жоғары. Сонымен қатар, былтырғы зерттеу бойынша 600 мыңға жуық ер-азаматтың уроандрологиялық аурулардан зардап шегетіндігі анықталған. Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің орынбасары:  - Ерлер денсаулығын сауықтыруға ден қоюымыз қажет. Сондықтан, еліміздің әр өңірінде ер азаматтарға тегін қызмет көрсететін орталықтар іске қосылды. Онда тек бір жылда 44 мың 606 адам тексеруден өткізіліп, медициналық қызмет түрлері көрсетілді. Негізінен азаматтардың басым бөлігі денсаулығына жіті көңіл бөлмейді.

0 пікір
Мұрағат