Қазақстанда еңбекке жарамды жастар азайып келе жатыр
Қазақстанда еңбекке жарамды жастар азайып келе жатыр
6 жыл бұрын 2892

2017 жылдың басына қарай Қазақстанда 15 пен 35 жас аралығындағы еңбекке жарамды 5,55 млн жас адам болған. Олардың бестен бірінен астамы Алматы қаласы мен Алматы облысында (1,22 млн) тұрған деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ranking.kz басылымына сілтеме жасап. 

Еңбек қабілеті жоғары жастар Қазақстан тұрғындарының 31%-ын құрайды. Ал Алматыда олардың үлесі 36,1%-ға тең. Бұл - ел бойынша ең жоғары көрсеткіш.

Басылым жалпы Қазақстанда еңбекке жарамды жастардың азайып бара жатқанын айтады. Оған себеп, 90-жылдардың соңында демографиялық ахуалдың нашарлауы. 2017 жылы өсім тек Астана мен Алматыда байқалған. Нәтижеде Алматыда жұмысқа қабілетті жастар шоғырланып жатыр – оның Қазақстан бойынша үлесі 11,4%-ға жетті (2009 жылы – 9,5%, 2010 жылы – 9,6% болатын). Жалпы Алматы және Алматы облысында тұратын еңбекке жарамды жастардың Қазақстан бойынша үлесі 22%-ға тең болып отыр.

0 пікір
Мұрағат