Қазақстан резервтегі алтын қоры бойынша әлемде 23-ші орында келеді
Қазақстан резервтегі алтын қоры бойынша әлемде 23-ші орында келеді
8 жыл бұрын 2878 ҚазАқпарат Жаппарберген Айбота
Қазақстан резервтегі алтын қоры бойынша әлемде 23-ші орында келеді. Бұл туралы өткен аптада Алматыда өткен интернет-конференция барысында ҚР Ұлттық Банкінің төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді.

«Қазақстан резервтегі алтын қоры бойынша әлемде 23-ші орында келеді. Қазіргі таңда резервтегі алтын қорының көлемі - 218 тонна. Оның 117 тоннасы Қазақстанда сақталады. Бағасының құбылмалылығына қарамастан, алтын - қаржы нарықтарында және көптеген дамыған елдердің резервтерінде маңызды рөл атқарады», - деді Д. Ақышев.

0 пікір
Мұрағат