Қайтыс болған адамның жақындарына мемлекет тарапынан қандай жәрдемақы көрсетіледі?
Қайтыс болған адамның жақындарына мемлекет тарапынан қандай жәрдемақы көрсетіледі?
4 ай бұрын 756

Мемлекет тарапынан асыраушысынан айырылған жағдайда жерлеу рәсіміне бір реттік жәрдемақы қарастырылған. Осындай жәрдемақыларды беру Мемлекеттік Зейнетақы төлеу Орталығында (ЗТМО) немесе аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінде жүргізіледі. Бұл жайында Stan.kz ақпарат көзі хабар таратты. 

Қандай құжат рәсімдеу керек?

- Қайтыс болған адамның зейнетақы қоры бар туысының жеке басын куәландыратын төлқұжат және оның көшірмесі;

- Марқұмның қайтыс болғанын растайтын куәлігі мен көшірмесі;

- Жәрдемақы алушының банктік шоты туралы ақпарат.

Орталықтан зейнетақы төлемін алушы қайтыс болған жағдайда, соның ішінде мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушы, оның отбасы немесе жерлеуді жүргізген адам Орталықтан төленеді (Орталық түсіндірмесі), 15,7 мөлшерінде біржолғы төлем тиiстi қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiш («Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағына сәйкес:.

Жәрдемақы алушы осы құжаттарды жақыны қайтыс болғаннан кейінгі 15 күннің ішінде рәсімдеп өткізу керек. Құжатты рәсімдеп болған соң, 3 күн ішінде жәрдемақы алуға рұқсат шығады. Бұл жәрдемақыны асыраушысынан айрылған, кәмелетке жетпеген балалары бар отбасылар, зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар алады.

2019 жылдағы жерлеуге арналған жәрдемақы — 39 643 теңгені (15,7 АЕК) құрайды. Мүгедектер мен Ұлы Отан соғысының қатысушыларына жерлеуге арналған жәрдемақы – 92 415 теңге (36,6 АЕК) («Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 3-тармағына сәйкес).

0 пікір
Мұрағат