Қайрат Жолдыбайұлы: "Жаңа заңда сәлафизмге тыйым салынбайды"
Қайрат Жолдыбайұлы: "Жаңа заңда сәлафизмге тыйым салынбайды"
8 жыл бұрын 3315

Қазіргі таңда мәжілісте экстремизм мен терроризмге қатысты заңының кейбір актілері бойынша бірқатар өзгертулер мен толықтырулар талқыланып жатыр. Көңіл көншітпейтін нәрсе заң бастан аяқ орыс тілінде жүргізіліп, орыс тілдегі нұсқасы талқылануда. Бірден айта кетейін, бұл заңда көпшілік күткен "сәлафизмге тыйым салу" мәселесі мүлдем қарастырылмайды. Ол тыйым салынса, соттың шешімімен тыйым салынатын көрінеді. Талқыланып жатқан заңда қару-жарақ, көші-қон, терроризмге шақыру мәселелері көбірек қарастырылған. Ал экстремизді идеологиялық тұрғыдан алдын алу мәселелері мүлдем жоқ. Қару-жараққа шектеу қою, он күннен аса уақыт бір жерде тұратын кісіні тіркеуге мәжбүрлеу мәселесі, терроризм жазасының қатайтылып, бас бостандығынан айыру мерзімін созу терроризмнің алдын ала алады ма?!. Аз ғана күрделендіруі мүмкін. Өлімге дайын террористерді қандай заңмен қорқытпақпыз? Террорлық акт жасайтын адамның бір жерде 10 күн тұруының түкке де қажеті жоқ. Қазір бір түндік жалға берілетін пәтерлер жеткілікті. Тіпті, іздерін жасырып, көзге түсіп қалмау үшін оларға бір жерде көп тұрмау жағы тиімдірек. Заңның бұл тармағы пәтерін жалға беретін кісілерге, жалпы пәтер жағалап күндерін өткізіп жатқан көпшілікке қиыншылық қана тудырады. Басқа ештеңе емес. Нәтижесі орындалмайтын заңға, жемқорлыққа ұласуы мүмкін. Террорлық акт жасау үшін қару-жарақтың тіпті қажеті де шамалы. Санасы терроризммен уланған адам әйтеуір бір жолын тауып, жасайтынын жасайды. Францияда ауыр салмақты жүк көлігімен-ақ мыжып-жаншып, жүзден аса адамның жанына қастандық жасалғаны кеше ғана. Қажет болса, қолдан жарылғыш жасай салады. Заңның алғашқы отырысында осы ұсыныстарымды айттым. Заңда терроризмге шақырудың, үгіттеудің жазасы қатайтылған. Бұл құптайтын нәрсе. Сәлафизмге шақыратындарға да осындай заң керек. Менің ұсынысым такфиризм мен сәлафизмге тыйым салумен қатар, идеологиялық тұрғыдан қарсы тұратын арнайы ғылыми-зерттеу институтын құру қажет. Аямай қаржы бөлу керек. Олардың әр уәждері мен көзқарастарына, дәлел-дәйектеріне жеке-жеке жүйелі түрде ғылыми салмақты материалдар дайындау керекпіз.

Қайрат Жолдыбайдың Фейсбуктегі парақшасынан 

4 пікір
  • билік осы заңды жамылып, қазаққа қыспақты арттырып жібермесін деңіз, бұл қазақтың көрмегені жоқ, орыс тілді биліктің қазақты тұқыртып ұстаудың амалы ма дерсің. қайырын берсін
    8 жыл бұрын
  • бүгінгі қазақтың жаулары: 1. сәлафшылар (дінбұзарлар); 2. орыс тілді билік, одан қалса, космополиттер, көзқамандар (маргиналдар); 3. қызтеке секілді би билеп, ән айтатын шоумендер, әртістер, былайша айтқанда, бұқаралық мәдениеттің қара қазанын қайнатып жүргендер; 4. жемқорлар, парақорлар, мансапқорлар, осылай кете береді
    8 жыл бұрын
  • Ассаламу алейкум Қайрат Аға! Ия ол рас жаңа заңда бұл мәселе қарастырылмаған екен. Сіз неге кешегі болған Дөңгелек стөлге қатыспадыңыз? Алла нәсіп етіп мен де сол дөңгелек стөлдегі болған пікірталасты тыңдадым. Шақырылған қатысушылардың ішінен сіздің Есіміңізді көріп қатты куанып едім, тек сізді көре алмадым. Мумкіндігіңіз болмаған шығар мумкін, бірақта кешегі болған пікірталаста сіздің болатын орныңыз еді. Дәл осы заңнама сізді айналып өтпеу керек еді Қайрат Аға. Сәлафилерді жүгендеудің өте керемет мүмкіндігі емес пе осы заңнама? Арине КМДБ-нан Серікбай Ағамыз болды, бірақ ол жерде Сәлафилер туралы тек Мухтар Тайжан мен Мәжіліс депутаты Мурадов Ағаларымыз ғана үстіртін айтып өтті. Ал шынына келгенде Қазақстан мүсылмандарын іштен шірітіп жатқан осы Сәлафилер екенін ешкім айта алмады. Әттең...
    Алла қаласа осы заңнама әлі де талқыланады, Мәжіліс депутаттары тағы да нақты үсыныстар болса, олар жұмыс топтарына міндетті турде қарастырылады деп уәде беріп жатыр. Сондықтан да Бауырлар, әсіресе Қайрат аға сізден үлкен өтініш: Сіздің жүгіңіз өте ауыр деп ойлаймын, мейлі орысша болсын осы заңнамаға атсалысайық та. Нақты-нақты ұсыныстарды қағаз түрінде заңды түрде жұмыс тобына берейік, жұмыс тобындағы Мухтар Тайжан және Мурадов сияқты Ағаларымыз қолдайтыны көрініп тұр. Орысша болса Саләфилерді жүгендеу заңға кірсе, ин ша Алла жаман болмас еді.
    Қолымыздан келер қандай көмек болса да, мен жеке басым дайынмын. Мен сияқты Казақтар өте көп Қайрат Аға.
    8 жыл бұрын
  • Ассаламагалейкум! Бір жақты емес,жан жақты талқылау керек...Қайрат ағамыз сияқты ағаларымыз бір жолын табарын сөзсіз.
    8 жыл бұрын
Мұрағат