Өткен жылы қанша қазақстандықтың көшкені және қайда көшкені белгілі болды (инфографика)
Өткен жылы қанша қазақстандықтың көшкені және қайда көшкені белгілі болды (инфографика)
7 жыл бұрын 3515 7kun.kz Baq.kz tengrinews.kz

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, өткен жылы еліміздің 30 мыңға жуық азаматы тұрақты түрде өмір сүру үшін сыртқа кеткен.

Қазақстандықтарды ең көп қабылдаған – Ресей, 12 ай ішінде көрші елде 26,4 мың тұрғынды қабылдаған. Бірақ, 2015 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 11 пайызға азайды. 

Ал Германияға өткен жылы 2 мың адам көшіп кетті. Қазақстандықтар жиі көшкен елі – Канада, өткен жылмен салыстырғанда кеткен қазақстандықтар саны 34 пайызға көбейді.

Ал Қазақстанда өмір сүру үшін 2016 жылы 197 мың адам келді. Бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 1,4 пайызға азайды.

Ресейден елімізге 63,7 мың адам көшіп келді, 2015 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 4,2 пайызға азайды.

Өзбекстаннан Қазақстанға 53,9 мың адам келді, олардың ішінде оралмандар – 25,1 мың адам. Өткен жылдан қарағанда елімізге келген өзбекстандықтар саны 11 пайызға, 21,3 пайызға қысқарды.

 

 Өткен жылы қанша қазақстандықтың елден көшіп кеткені белгілі болды

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің баспасөз қызметіндегілер 2016 жылы қанша қазақстандықтың елден кетіп қалғаны жайлы мәлімет таратты. Өткен жылы Қазақстанға келіп, тұрғылықты жері бойынша тіркелгендердің саны 13 347 адамға жеткен. Ал елімізден кетіп қалғандардың саны - 34 965 адам, бұл 2015 жылға қарағанда 16,4 пайызға көп. Олардың 28 677-сі Ресейге, 2637-сі Германияға, 393-і Беларуське, 228-і АҚШ-қа, 173-і Польшаға, ал 168-і Канадаға көшіп кеткен.

0 пікір
Мұрағат