Назарбаев Ақордадан қайда көшеді?
Назарбаев Ақордадан қайда көшеді?
5 жыл бұрын 3374

"Назарбаев орталығында" Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке кабинеті болады. Бұл туралы Тұңғыш Президент Кеңсесінің басшысы Махмұд Қасымбек айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Назарбаев орталығында" отырады", - деді Махмұд Қасымбек журналистерге. 


Астанадағы "Назарбаев орталығы"

Сондай-ақ, ол Тұңғыш Президент Кеңсесінің қандай қызметпен айналысатынын айтып өтті. "ҚР Елбасы Тұңғыш Президентінің қызметін құжаттамалық тұрғыдан қамтамасыз ету", - деді Тұңғыш Президент Кеңсесінің басшысы.

Кеше Махмұд Қасымбек Тұңғыш Президент Кеңсесінің басшысы болып тағайындалған еді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының "Президенттік мәдениет орталығы" мемлекеттік мекемесінің негізінде Қазақстанда мемлекеттіліктің тарихын жүйелі зерттеу және танымал ету мақсатында көпфункционалды ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық "Назарбаев орталығы" мемлекеттік мекемесі құрылды. Назарбаев орталығы қызметінің негізгі мәні - Қазақстандағы мемлекеттілік тарихын зерттеу мен танымал ету бойынша бірыңғай және белсенді ақпараттық кеңістік құру мен одан әрі жетілдіру.

0 пікір
Мұрағат