Мектептерде газдалған сусындар мен кондитерлік өнімдерді сатуға тыйым салынды
Мектептерде газдалған сусындар мен кондитерлік өнімдерді сатуға тыйым салынды
6 жыл бұрын 2841 Дәурен Ерболатов

Еліміздегі мектептерде газдалған сусындарды, кондитерлік өнімдерді және шоколад кәмпиттерді сатуға тыйым салынды. Бұл туралы халыққа есеп беру кезінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Денсаулық сақтау министрлігі өзіне берілген құзыреттілік негізінде мектептегі тамақты ұйымдастыру бойынша санитарлық ережелер мен норманы күшіне енгізді. Біз мектепте газдалған сусындарды, кондитерлік өнімдерді сатуға тыйым салдық», - деді ол.

Сондай-ақ министр егер білім ордаларында газдалған сусындар мен кондитерлік өнімдерді сатылса, денсаулық сақтау комитетіне хабарласу қажеттігін атап өтті.

«Мектептерде шоколад кәмпиттерін, тәтті сусындар сатылмауын қадағалаңыздар. Себебі, оған тыйым салынған. Мұндай жағдай тіркелсе, Қоғамдық денсаулық сақтау комитетіне хабарлауларыңызды сұраймыз», - деді Біртанов.

Сондай-ақ министр дұрыс тамақтану бойынша халыққа тиісті ақпарат ұсынылатынын мәлім етті.

«Халық ненің денсаулыққа зиян екенін білуі қажет. Біз балалар үшін тамақтану стандартын жасадық. Сондай-ақ бала мектеп пен үйде болған кезде денсаулыққа зиянын тигізетінін өнімдерге шектеу қойылуы қажет екенін айттық», - деді министр.

0 пікір
Мұрағат