Маңғыстаулық түлектер ауру қызға көмектесу үшін бітіру кешінен бас тартты (фото+видео)
Маңғыстаулық түлектер ауру қызға көмектесу үшін бітіру кешінен бас тартты (фото+видео)
8 жыл бұрын 2735 24.kz

Маңғыстау облысындағы Түпқараған мектеп-лицейінің түлектері ауруға шалдыққан қызға көмек көрсету үшін мектеп бітіру кешінен бас тартты. Әсел Исатайқызы осы білім ордасының 2 сынып оқушысы. Ол бірнеше жылдан бері инсулинге тәуелді, қант диабетімен ауырады. Түлектер өз қалаулары бойынша сырқат қызға көмек қолын созу мақсатында ойын-сауыққа деп жиылған 124 мың теңгені табыстады. Әселдің ата-анасы өздерінің жағдайына бейжай қарамаған мұғалімдер мен өскелең ұрпаққа алғысын айтып жатыр.

0 пікір
Мұрағат