Маман бала асыраушы отбасы алатын жәрдемақы көлемiн атады
Маман бала асыраушы отбасы алатын жәрдемақы көлемiн атады
7 жыл бұрын 3694 bag.kz Қымбат Елтайқызы

Балалар үйiнен асырап алынған балаға 10 АЕК көлемiнде (22 мың теңге) ай сайынғы жәрдемақы төленедi. Және анасына да, әкесiне де 41 мың теңгеден (екеуiне 82 мың теңге) айлық берiледi. Бұл туралы Балалардың құқықтарын қорғау комитетiнiң бас сарапшысы Гүлмира Күлсариева Бiрыңғай республикалық қамқоршылар кеңесiнiң отырысына дейiн берген сұқбатында айтты. 

«Балалар үйлерiнде тәрбиеленушiлер санын азайту жұмысы жүргiзiлiп жатыр. Мысалы, 1 қаңтардан бастап, елiмiзде «Қабылдаушы отбасы» деген жаңа ереже қабылданды. Ол бойынша балалар үйiнен асырап алынған балаға 10 АЕК көлемiнде (22 мың теңге) ай сайынғы жәрдемақы төленедi. Және анасына да, әкесiне де 41 мың теңгеден (екеуiне 82 мың теңге) айлық берiледi. Бұл жәрдемақылар 18 жасқа толғанша төленiп тұрады. Бұған қоса әкесi де, анасы да жұмыс iстей алады», - дедi Г.Күлсариева.

Сондай-ақ, маманның айтуынша, балалардың оқып жатқан мектебiнде тегiн ыстық тамақ алу, жаз мезгiлiнде демалысқа бару, мектеп алдында киiм-кешек пен керек-жарақ алу мүмкiндiгi бар.

«Бұл жерде, отбасының төрттен он балаға дейiн асырап алу мүмкiндiгi бар. Төрттен кем, оннан артық баланы алуға болмайды, яғни өз балаларын қосқанда барлығы кәмелетке толмаған он бала болуы керек. Ал айлық сол қалпында қалады», - дедi Г.Күлсариева.

Маман кейде балаларды керi қайтару оқиғаларының да кездесетiнiн айтты. Оның айтуынша, бұған бала асырайтын отбасылардың дайын болмауы себеп. «Туған балаңмен қалай тiл табысасың, әр баламен солай тiл табысуға тырысу керек» дейдi бас сарапшы.

Атап өтсек, бұған дейiн маман жетiмдер саны бойынша Қарағанды облысының көш бастап тұрғанын хабарлаған болатын.

 
0 пікір
Мұрағат