Жылжымайтын мүлік нарығында қандай өзгерістер болды?
Жылжымайтын мүлік нарығында қандай өзгерістер болды?
7 жыл бұрын 4380 7kun.kz Маржан Нүсіпбек

4. Бір жылда үйлерді сатып алу-сату келісімдері 14,6%-ға көбейді

2016 жылы жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату келісімдерінің саны 190 209 болды. 2015 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 14,6%-ға артқан. Ал 2016 жылдың соңғы айында сату-сатып алу бойынша тіркелген келісімдердің саны — 18 627.

5. Уақытша тіркелуді онлайн жүзеге асыруға болады

Уақытша тіркелуді үйден шықпай да үкіметтің электронды порталы арқылы жүзеге асыруға болады, ол үшін ғаламторға қосылу мүмкіндігі және электронды цифрлы қолтаңба болса жеткілікті, мемлекеттік баж салығы электронды үкіметтің төлем шлюзі арқылы төленеді.

6.«Нұрлы жер» бағадарламасы бойынша жеке тұрғын үй үшін ай сайынғы төлем 60 мың теңгені құрайды

«Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы ипотекаға үй сатып алған жағдайда ай сайыны төлем алғашқы 5 жыл 6 айда 60 мы теңгені құрайды. Үй үшін төлемнің жалпы көлемі 10 млн теңгені құрайды. Мемлекет бағдарлмаға қатысушы үшін жылдық мөлшерлемесі 5%-ды құрайтын жылдық субсидия бөледі. Бұл бағыт бойынша әкімдіктерде кезекте тұрғандар қатыса алады.

7. Қазақстанда долларсыздандыру жақсы нәтиже көрсетті

Ұлттық валютаға сенім қайтадан арта бастады. Ұлттық банктің мәліметінше,екінші деңгейлі банктердегі доллармен салынған депозиттердің деңгейі 2016 жылдың қаңтар айында 69,9% болса, жыл соңында 54,6%-ды құрады. Заңды тұлғалардың доллардағы депозиттері 62%-дан 49%-ға дейін, жеке тұлғалардікі 80%-дан 62%-ға дейін төмендеді.

8. «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы 15 жылда 1,5 млн отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі

Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауында айтылды. Бағдарламада тұрғын үй нарығын дамытудың кешенді шаралары көрініс тапқан. Соның бірі – «Даму» акционерлік қоғамы арқылы мемлекеттің субсидия беруі есебінен құрылыс салушылар үшін банк несиесін арзандату. Тұрғындар үшін «Қазақстан ипотекалық компаниясы» акционерлік қоғамы арқылы банктер беретін ипотекалық несиені субсидиялау жүзеге асырылады. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшылары үшін әкімдіктердің несиелік тұрғын үй салуы жалғасады. Оған ілгеріде бөлінген қаржы «револьвер» қағидаты  бойынша қайта пайдаланылады.

0 пікір
Мұрағат