Жемқорлық жөніндегі сауалнамаға әрбір 10-шы қазақстандық қатысуы керек
Жемқорлық жөніндегі сауалнамаға әрбір 10-шы қазақстандық қатысуы керек
8 жыл бұрын 2663 inform.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты әлеуметтік зерттеулердің таңдауы өте жоғары болуы керек, деп есептейді Қазақстанның Азаматтық Альянсының президенті Нұрлан Ерімбетов.

«Менде әлеуметтік зерттеулерге қатысты ұсыныс бар, ол халықтың пікрін білу. Бұл ретте бізде кең көлемді таңдау болуы керек. Бізде әдетте мың адамның пікірін біледі де соны бүтіндей халықтың пікірі ретінде ұсынады»,-деді Ерімбетов ҚР Жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыруды сырттай бағалау мен талдау арнайы мониторингтік тобының отырысында.

Мұндай зерттеулер Қазақстанның барлық өңірлерінде жүзеге асрылуы керек деп қосты ол. 

«Біз ұлттың кемінде 10 пайызын қамтуымыз қажет. Бұл шамамен алғанда бір жарым немесе екі миллион халық. Зерттеулерді тек әкімдіктерге жіберудің қажеті жоқ. Сауалнама жүргізетін қызметкерлер алыс жатқан ауылдар мен қалаларға барып, базарлар мен вокзалдар маңындағы және көшеде кетіп бара жатқан азаматтардың пікірлерін білгендері жөн. Бұл ретте қаржыны үнемдеудің қажеті жоқ. Ертең ел халқының пікірін білмей адасып, миллиардтарды жоғалтқанша, бүгін миллион жұмсап, нақты жағдайды анықтап алған әлдеқайда тиімді. Сол себепті меніңше, әлеуметтік зерттеулердің таңдау ауқымы кең болуы керек. Әрбір оныншы қазақстандық жемқорлық мәселесіне қатысты өзінің пікірін білдіруі керек»,-деді Ерімбетов.

0 пікір
Мұрағат