Жақсылық жасау - жүрек дауасы
Жақсылық жасау - жүрек дауасы
7 жыл бұрын 4536

«Ізгілік пен тақуалықта өзара көмектесіңдер» (Қасиетті Құран, Мәида сүресі, 2-аят)

Корпоративтік "Зекет" қорына биыл 5 жыл. Мерейтой аясында жасалып жатқан игі шаралардың бірі "Твори добро" жобасы. Бұл акцияның мақсаты - көмекке зәру жандарға арнайы медет ету.

Кеше, 22.05.2017 ж., "Зекет" қорының Астана қаласы өкілдігінде мұқтаж 10 адамға (5-25 жас аралығында) мүгедек арбасы тарту етілді.

Жиналған қауым алдында  "Нұр-Астана" мешіті маңындағы білім беру орталығының директоры, "Зекет" қорының діни сарапшысы -  Ақжолов Бағзат және "Нұр-Астана" мешітінің ұстазы - Дәурен Муслимов ізгі лебіздерін білдіріп, сөз сөйледі. 

Бауыржан Кереитбаев, Ақбаян есімді мүгедек бүлдіршіннің әкесі: ""Зекет" қорына осындай қажетті әрі уақытылы жасаған сыйлығы үшін шексіз разылығымды білдіремін. Аса қиналып қалған кезімізде бірнеше айлар бойы қор отбасымызды азық-түлікпен қамтамасыз етіп келеді. Жұбайымның да денсаулығы нашар, уақытша жұмыссыз. Өзім болсам қызымның қасындамын. Бұл менің әкелік парзымым, сәбиіміз аяқтан тұрып кетуіне барымды саламын. Көптен бері қызымызға серуенге арналған мүгедек арбасын алуды армандап едіп, сол арманымыз бүгін орындалды. "Зекет" қоры қашан да ізгі істерге мұрындық болып жүреді. Алла Тағала сауаптан жазып, отбасыларына береке бұйырсын. Көп рақмет!"

"Жақсылық жасау, мейірімділік таныту - мұсылмандықтың, имандылықтың белгілері. Бұл шара әлі де жалғасын табады деп сенеміз.

Жаратқан Иеміз мұқтаждардың қажеттіліктерін өтеп, қиналған жандарға көмек беруге күш-қуат нәсіп етсін.

Жақсылықта жарысайық, ағайын.

 

"Зекет" қорының

баспасөз қызметі.

Астана қаласы.

 

0 пікір
Мұрағат