Ислам елдері халал-сертификатсыз Қазақстаннан азық-түлік алмайды
Ислам елдері халал-сертификатсыз Қазақстаннан азық-түлік алмайды
5 жыл бұрын 2080 Гүлдана Қазтай, stav-ikc.ru

Халал өнімдерін өндіру бойынша іс-шаралар жоспарынсыз Парсы шығанағы елдеріне азық-түлік экспортының өсуін қамтамасыз ету мүмкін емес, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров. Бұл жайында 7kun.kz ақпарат көзі хабар таратты. 

«Агроөнеркәсіптік кешен өнімдері экспортының өсуін қазақстандық өнімнің бәсекелестік артықшылықтарын пайдалану арқылы арттыруға болады. Бұл оның экологиялылығы. Сондықтан органикалық және халал өнімдерін өндіру, қайта өңдеу, сертификаттау жүйесін жолға қою қажет. Органикалық өнім өндіру туралы заң 2015 жылы қабылданды, бірақ әлі күнге дейін осы заңды іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары жоқ», — деді ол Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, Қазақстанда халал өнімдерін өндіру саласында заңнама жоқ, бірақ Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымын құруға бастамашы болған — Қазақстан.

«Қазақстан үшін Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі исламдық ұйымды құрудың мақсаты — ислам елдеріне азық-түлік жеткізілімін ұлғайту, ал Қазақстанда халал өнімдерін өндіруді дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарынсыз Парсы шығанағының басым елдеріне, Иранға азық-түлік экспортының өсуін қамтамасыз ету мүмкін емес. Қазіргі уақытта халал өнімдерін өндіруді дамытудың жол картасын келісу аяқталуда», — деп атап өтті Омаров.

Оның айтуынша, стратегиялық инвесторлар мен трансұлттық корпорацияларды қайта өңдеу секторына тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

0 пікір
Мұрағат