Тек күлгені үшін марапатталған полицей
Тек күлгені үшін марапатталған полицей
5 жыл бұрын 2603 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Халықтың тәртіп сақшыларына деген сенімділігін қалыптастыру әрі арттыру мақсатында Дубай полиция басшылығы офицер Махмұд Мұхаммед әл-Шаабиді қала тұрғындары мен қонақтарына жылы қарым-қатынас жасап, ұдайы күлімсіреп жүргені үшін марапаттады. Бақыт пен позитив кеңесінің марапатына ие болған дубайлық полицей тек қала тұрғындары мен қонақтарына ғана емес, сонымен қатар, әріптестерінің арасында да беделді тұлғаға айналған. Ұдайы күлімсіреп жүретіні үшін. Таяуда жарияланған зерттеу нәтиесіне қарағанда, адамдарға бақыт сыйлағандар арасында Дубай полициясымен қатар Туризм және коммерциялық маркетинг департаментінің қызметкерлері аталған. Қала тұрғындарының 92,5%-ы жергілікті полиция қызметкерлерінің іс-әрекетіне риза екенін жеткізген. 

0 пікір
Мұрағат