Ирандықтар қойдан бір жылда 6 төл алу технологиясына үйретпек
Ирандықтар қойдан бір жылда 6 төл алу технологиясына үйретпек
8 жыл бұрын 2565 inform.kz Елубай Әуезов

Қызылорда қаласының Жаңақорған ауданына Иран Республикасының ауыл шаруашылығы саласындағы мамандары келді. Бұл туралы аталмыш аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шетелдік мамандардың мал, тауық шаруашылықтарын дамытуда мол тәжірибесі бар. Аудан әкімдігінде өткен кездесу барысында шетел инвесторлары ауа райы өте қолайлы, жері тың, суы мол, жеті түрлі табиғи емдік шөптері бар Жаңақорған ауданына төрт түлік малдың, оның ішінде қойдың санын көбейту технологиясы жайында ой бөлісті. Сонымен қатар, тауық құсы фабрикасын және әртүрлі гүлдер жылыжайын салу жоспарлануда. Мысалы, 24 сағат ішінде қойға қолдан ұрықтандыру арқылы 12 айда әрқайсысынан кемінде төрт немесе алты төл алуға болатынын жеткізді. 

0 пікір
Мұрағат