Иранда сотталған Қазақстан азаматтары енді жазасын елімізде өтей алады
Иранда сотталған Қазақстан азаматтары енді жазасын елімізде өтей алады
7 жыл бұрын 2134

Сенат депуттары Қазақстан мен Иран арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. 

Бұл заң осы жылдың 11 сәуірінде Тегеранда қол қойылған келісім Иран Ислам Республикасының соттары бас бостандығынан айыруға соттаған Қазақстан азаматтарын және еліміздің соттары бас бостандығынан айыруға соттаған Иран азаматтарын одан әрі жазасын өздері азаматы болып табылатын мемлекетте өтеу үшін беру мәселелерін реттейді.

Аталған заң жобасы туралы баяндаманы ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель жасады.

«Қазақстан мен Иран арасындағы қарым-қатынас дамыған уақыттан бері кәсіпкерлік мақсатта және туризм бойынша әріптестік нығайып келеді. Иранға сапар шегетін Қазақстан азаматтарының қатары жыл сайын жиілеп келеді. Биылдың өзінде Иранға 350 азамат барды. Ал ол жақтан Қазақстанға 2346 ирандық келді. Дегенмен, Иранда сотталған Қазақстан азаматтары жоқ. Өмір болғаннан кейін бәрі болып тұрады. Сондықтан, алдағы уақытта да болмайтынына ешкім кепілдік бере алмайды. Сол себепті, біздің мемлекет отандастарымызды шетелде қорғау үшін құқықтық тетіктерді ие болуды көздейді», – Меркель.


Айта кетейік, соңғы 10 жыл көлемінде Иранның 5 азаматты Қазақстанда сотталған. Ең соңғысы жақында бостандыққа шықты. Ал Иранда біздің елдің бір азаматты темір тордың әр жағында отырды. Бірақ, кейіннен рақымшылыққа ілігіп, бостандыққа шықты.

Аталған құжатқа сәйкес Қазақстан азаматы Иранда құқық бұзып, сотталатын болса, жазаны одан әрі өтеуі үшін оны Қазақстанға ауыстыру туралы прокуратуға өтініш жасауы тиіс. Тек екі жағдайда ғана сотталғандарды өзара беруден бас тартуға болады. Қоғамдық тәртіпке нұқсан келтіргенде және екі тараптың заңнамасына және мүдделеріне қайшы келген жағдайда. 

0 пікір
Мұрағат