Енді сауда құжатын үйден шықпай-ақ алуға болады
Енді сауда құжатын үйден шықпай-ақ алуға болады
8 жыл бұрын 2107 Baq.kz

Тауарларын экспорттаушылар мен импорттаушылар енді сауда тасымалына қажетті құжаттарды электронды түрде ала алады. Бұл туралы «Бір терезе» қағидасын енгізу» тақырыбында өткен брифингте ҚР ҚМ Кедендік шаралар әдістемесі басқармасының сарапшысы Олжас Тұрлыбеков баяндады.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіндегі жиында «Бір терезе» механизмі талқыланды. Экспорттаушылар мен импорттаушылар кедендік рәсімдерден өту кезінде де «Бір терезе» қағидасы қолданылуы керек. Бұл – «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасының 38-ші қадамындағы міндет. Сауда-саттыққа бет бұрғандар үшін бұл өте қолайлы.

«Бұрын экспорттаушылар мен импорттаушылар қажетті құжаттарды алу үшін тиісті министрліктердің табалдырығын тоздыратын. Енді рұқсат қағаздарын электронды түрде алуға мүмкіндік бар. Тауарды сыртқа тасымалдау үшін 22, импорттау үшін 22 рұқсат құжаты керек. Олардың әрқайсын әр министрілк береді. Адамдар үшін бұл күрделі жұмыс. «Бір терезе» қағидасы негізінде осы мәселені шешудің оңай жолы табылды», - дейді Олжас Мұхтарбекұлы.

Айта кетейік, аталмыш жүйе заңды күшіне әлі енбеген. Жаңа технологиялар негізінде құрылып отырған бұл жаңашылдық 2017 жылдың 1 шілдесінен енгізіледі деп жоспарлануда.

0 пікір
Мұрағат