Еліміздің әр аймағындағы “Қалың мал” бағасы қандай?
Еліміздің әр аймағындағы “Қалың мал” бағасы қандай?
7 жыл бұрын 5818

Бұл туралы Stan.kz порталы Алматы арнасына сілтеме жасай отырып хабарлады.

Тұрмысқа шыққан қыздың артынан төсек орын, қыз жасауын апарып береді.  Құда түсу рәсімі келісілгеннен кейін күйеу жағы қалың мал төлейді. Қалың мал – ұзатылған қыздың туыстарына жасайтын сый болғанымен, еліміздің әр қаласында өзгеше сый-құрмет көрсетіледі.

Алматы, Алматы облысы 100 000 – 500 000тг аралығы

Алматы, Алматы облыстарында ең төменгі қалың малы – 100 – 150 мың теңге. Ал, ең жоғарғысы 500 мың мен 1 млн-ға дейін. Киіт, алтын, күміс, т.б бұйымдардың мөлшерін бұл жақтың құдалары екі жақта алдын-ала кездесіп ақылдасып белгілейді. Сонымен қатар, кейбір жағдайларда қыз беріп отырған жақ пен күйеудің туыстары қаржыларын қосып, екі жастың шаңырақ көтергендеріне сыйлық ретінде пәтер, авто көлік алып береді.

Шымкент, Тараз, Қызылорда  – 500 000  – 5 000 000 тг

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент, Тараз, Қызылорда қалаларының халқы салт-дәстүрді өте қатты ұстанады. Бір ескере кететін жайт, шымқалада бойжеткендердің қандай да бір жоғарғы оқу орнында немесе колледжде оқығаны немесе орта мектепте ғана білім алғандары ескеріліп жатады дейді. Егер дипломы бар болса, онда ол қыздың бәсі жоғары, ал оқымаған болса, төменірек болады екен. Сонымен қатар, қыз жасауы да осы артынан алып келген қалың малға да сай болу керек екен.

Мысалы, 1 000 000 теңге апарып жатса, тіпті, одан асып кетсе, үйге қажетті барлық заттар апаруы керек екен. Тағы бір айта кететін жайт, қыз жасауына су жаңа төрт мезгіл киім-кешек, аяқ киім, бет әрлеп бояйтын опа, далап, косметикасына дейін апарып береді.

Атырау, Ақтөбе, Семей – 100 000 тг – 1000 АҚШ доллары

Атырау қаласында той малы деп ірі қара мал апарып береді. Ал мал ұстамайтындар ақшалай 100 мың теңге көлемінде апарады. Ана сүтінің парызы деп те қаржылай 1000 доллардай береді. Содан кейін киіт кигізу бар. Қыз жақтың туыстарындағы әр  үйдің ерлі-зайыптыларына сыйлық әкеледі. Тағы бір айта кететін жайт, бұл жақта қыздың ауылынан арнайы киіт кигізілетін адамдардың тізімі келеді екен.

«Ақтөбенің қыздары тегін бе» деген сауалға келсек, бұл өңірде «қалың мал» деген салт жоқ. Бұл жақтың халқы көбіне екі жастың бақыты үшін деп тойды дүркіретіп өткізуді ойлайды. Көбінесе тойға қатты шығынданады. Басты қалың малдың кәдесі «Ана сүті» деп аталады. Мұның өзін шама-шарқы келгенше, жағдайға қарай ең жоғарғысы 1000 доллардай, ал ең төменгі сомасы 100 мыңдай. Ауқаттылары бұл аталған сомалардан да жоғары әкеліп беріп жатады екен.

Семейде де қалың мал деген мүлдем жат екен. Бұл жақтың да қалың малы «Ана сүті», «Әке күші» деп аталады. Осы екеуін қосып, үстіне кілем жауып бір жылқы алып кеп береді, егер мал ұстамаса, ақшалай береді. Бұл жерде қыздың ауылдастары мен туыстары үшін 20 метрдей мата алып келеді екен, мұның өзі 100 мың теңгеден кем түспейді екен.

Солтүстік, батыс аймақтарда қалың малдың нақты құны жоқ.

0 пікір
Мұрағат