Ішімдік пен темекіге мүлдем тыйым салынды
Ішімдік пен темекіге мүлдем тыйым салынды
7 жыл бұрын 9870 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Тәжікстанда ішімдік пен темекі өнімдерінің жарнамасына толық тыйым салынды. Спутник порталы хабарлағандай, тиісті түзетулер Тәжікстан парламенті депуттарының мақұлдауымен "Жарнама туралы" заңға және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілді. Заң жүзінде салынған осынау тыйымға байланысты аталған тауар түрін өндірушілер бұдан былай өз өнімдерін жарналай алмайды және қандай да бір іс-шараға демеушілік көрсете алмайды. Нақтырақ айтқанда, аталған тауар түрлерін мемлекеттік әрі жекеменшік телебағдарламалардан, т.б. көрсетуге болмайды. Айта кетейік, Тәжікстан 2013 жылы шылым шегумен күресу жөніндегі дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының конвенциясына қосылған болатын. Тағы бір айта кететін жайт, Тәжікстанға ішімдік өнімдерін импорттауда Ресей алда келеді. Одан кейінгі орында Германия (2016 жылдың есебі бойынша 6,9 млн литр ішімдік импорттаған), Украина (6,4 миллион литр), Ұлыбритания (3,5 миллион литр), АҚШ (2,5 миллион литр), Латвия (1,7 миллион литр).

0 пікір
Мұрағат