Елімізде оқушыларға интернетке кіруге заңмен шектеу қойылуы мүмкін
Елімізде оқушыларға интернетке кіруге заңмен шектеу қойылуы мүмкін
7 жыл бұрын 3024

Мәжілісте балаларды қорғау туралы құжатты талқылаған депутаттар ұл-қыздарды осылайша сананы улайтын сайттар мен әлеуметтік желілерден біржола аластатпақшы. Бұл туралы stan.kz ақпарат көзі КТК арнасына сілтеме жасай отырып, хабар таратты. 

Яғни, жасөспірімдерге әлеуметтік желіге, порнографиялық сайттарға кіруге тыйым салынуы мүмкін. Ол үшін ұялы байланыс операторлары оқушыларға арналған интернет пакетін шығарғалы жатыр екен.

Бірақ компьютер клубтары барын ескерсек, жеткіншектер шектеуді айналып өтері сөзсіз. Оның үстіне интернетті бақылау мүмкін еместігін шенеуніктердің өздері де мойындап отыр. Алайда, халық қалаулылары бір жолын табуды сұрап ұл-қыздарға психиканы бұзатын атыс-шабыс ойындарды да ойнатпау керек дейді.

“Тосқауыл қоймай болмайды. Өйткені, whatsapp немесе басқа желіде болып жатқан дүниені баланың психикасы көтермейді. Оны тыңдап көрген соң баланың агрессиясы көтеріліп, әртүрлі экстремистік, террористік немесе баланың рухани болмысын астаң кестең ететін ақпараттан қорғауымыз керек”, – деді депутат Бекболат Тілеухан.

1 пікір
  • Баланы шектеудің ең тиімді жолы баланы түрлі үйірмелерге беру, бірақ оны да көп ата-ананың қаражаты көтермейді, тіпті үйірмелер тегін болғанымен де, баланы сол үйірмелерге тасуға көп ата-ананың уақыты бола бермейді.
    Мен ойлаймын егер үйірмелерді мектептің ішінен ашып, баланы таңертең апарып, кешке алып қайтатын мектеп болса керемет болар еді. Ата-ана да баласының мектепте екенін біліп көңілі тыныш болады.
    7 жыл бұрын
Мұрағат