Елімізде оқушыларға білім беретін «тарихшы-дінтанушы» мамандығы пайда болады
Елімізде оқушыларға білім беретін «тарихшы-дінтанушы» мамандығы пайда болады
8 жыл бұрын 3020 inform.kz Кенжекей Тоқтамұратқызы

Терроризмнің Қазақстанда белең алуы білім деңгейінің төмендігімен байланысты ма? «Экспрет» пікірталас клубының отырысына қатысқан Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин осы сұраққа жауап берді.

«Жалпы, терроризм мен экстремизм Қазақстанда ғана емес, әлем бойынша ушығып тұр. Қазақстанда дінге қатысты артықшылық пен кемшілікті айтатын болсақ, артықшылығы - аға буынның лаңкестікке қарсы иммунитеті күшті. Ал, жас буын мүлде басқа ортада өсіп келеді. Олар ең алдымен интернеттің тұсауында, яғни, экстремизмнің дәл назарында. Сондықтан, біздің білім осы заманның талабына сай болу керек. Бірақ, объективті түрде алып қарасақ, зайырлы мемлекеттің мектебінде, зайырлы мектепте біз дінді насихаттай алмаймыз, бірақ, есесіне, бүкіл діндер туралы объективті ғылыми білім бере аламыз. Бүгінде біз ұстаздардың біліктілігін арттырып жатырмыз, үш жылдан бері осы бағытқа қатты көңіл бөліп келеміз»,-деген Ғалым Шойкин мектеп оқушыларына білім беретін  «тарихшы-дінтанушы» мамандығы пайда болатынын хабарлады.

«Біз жаңа мамандық енгізіп отырмыз, биыл «тарихшы-дінтанушы» мамандығына алғашқы студенттер қабылданады. Яғни, мектепте кәсіби білім бере алатын мамандар даярланады. Екінші бір басты мәселе - біз оқу базасын түгел ауыстырамыз. Осы жылдан бастап жаңадан екі кітап шығарылады. Яғни, біз зайырлы мектепте экстремизмніңң алдын алу үшін осы әдісті қолданамыз», - деп түсіндірді Ғ.Шойкин.

0 пікір
Мұрағат