Елбасы қай салада ел заңнамасына өзгертулер енгізілетіндігін айтты
Елбасы қай салада ел заңнамасына өзгертулер енгізілетіндігін айтты
8 жыл бұрын 2745 inform.kz Марлан Жиембай

ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қай салада ел заңнамасына өзгертулер енгізілетіндігін айтты.

«Ең алдымен, бағалау, коллекторлық, жеке детективтік қызмет, мүгедектер мен зардап шеккендерге өтемақы қоры туралы заңнамалық актілерді қабылдау институттық реформаларды тереңдету үшін маңызды мәнге ие. Халықаралық машық пен «Назарбаев Университеті» тәжірибесін ескеріп, жоғары оқу орындарының академиялық, басқарушылық дербестігін заңнамалық тұрғыда кеңейту қажет», - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Елбасы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербес бюджеті бөлігінде заңнамаға қосымшалар қабылдау қажеттігін депутаттардың қаперіне салып өтті.

«Электр энергетикасы саласындағы заңнамаға бірқатар өзгертулер мен толықтырулар көзделген. Олар энергия тарату шығындарын төмендетуді қамтамасыз етуге бағытталған. Осыған сәйкес тұтынушылар үшін оның құны азаяды. Стандарттау туралы заңнама топтамасы да маңызға ие», - деді Н.Назарбаев. 

 
0 пікір
Мұрағат