Данияр Ақышев Ұлттық банкке “пара бермей-ақ” қызметке тұруға уәде берді
Данияр Ақышев Ұлттық банкке “пара бермей-ақ” қызметке тұруға уәде берді
8 жыл бұрын 2186

Ұлттық банк талантты жас мамандарды іздеу мақсатында қатысам деушілерді шараға шақырады.

Бұл туралы "Kapital.kz" порталының онлайн-конференциясында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді.

«Шара «Ұлттық банкке пара бермей-ақ өз біліміммен қызметке тұрам» деп аталады. Ол үшін не талап етіледі? Әуелі білімді болу, ағылшын тілін білу, алға қойған мақсатқа жетуге деген ынтаның болуы», – дейді Ақышев.

Оның айтуынша, банк алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі жақсы кадрлар жинау. Ұлттық банк іске асыра алатын жаңа бастамалары бар жас мамандарды іздейтінін атап өтті.

«Біз жастарды қаржылы-несиелі саясат, қаржымен қамту, қаржылық ұйымдарды қадағалау, алтынвалюталы активтерді басқару, сондай-ақ, жоғары білікті мамандарды облыстағы ақпараттық технология саласына жұмылдыруды көздейміз», – деп атап өтті банк төрағасы.

«Біз бар күшін елдің қаржылық институтына салғысы келетін талантты перспективалы жастарды шақырамыз. Ол үшін жай ғана өз резюмеңізді press@nationalbank.kz электронды поштасына жолдаңыз. Осы күннен бастап резюмелерді жинап, бір ай ішінде өтініштерді қарайтын боламыз. 2016 жылдың 20 қазанынан соң өтініш берушілердің ісін қолға алатын боламыз», – деп мәлімдеді банк төрағасы.

0 пікір
Мұрағат