Биыл қамбаға 22 млн тоннадан астам бидай түседi
Биыл қамбаға 22 млн тоннадан астам бидай түседi
8 жыл бұрын 2583 Baq.kz

Биыл елiмiзде 22 млн тоннадан астам бидай жиналады деп болжанып отыр. Бұл туралы бүгiн Үкiмет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң орынбасары Қайрат Айтуғанов мәлiмдедi.

Министр хабарлағандай, биыл 22 млн тоннадан астам бидай жиналады деп болжанып отыр. 20 қыркүйектегi жағдай бойынша 11 млн 100 мың гектардағы дәндi дақылдар немесе 72 пайызы жиналды. 16,5 млн тонна бидай бастырылған. Гектар шығымдылығы - 14,9 центнер, бұл өткен жылғы көрсеткiштен 3,4-ға жоғары екен.

«8 қыркүйекте азық-түлiк корпорациясы билай бағасын қандай бағамен сатып алатынын жариялады. Коммерциялық ресурсқа сатып алынатын бидайға мынадай бағалар белгiлендi: 3 класты бидайдың 1 тоннасы үшiн 41 мыңнан 50 мың теңгеге дейiн, 4 класс үшiн 34 мыңнан 36 мыңға дейiн, 5 класты бидай үшiн 30 мың және 2 класты арпа үшiн 25 мың теңге», - дедi вице-министр.

0 пікір
Мұрағат