Бұдан былай жеке куәліктің орнына смартфон ұстап жүруіңіз әбден мүмкін. Және ол мемлекеттің есебінен. Құқықтық статистика төрағасы Бағдат Мусин құжат шығарғаннан гөрі әр адамға ұялы телефон әперген арзанға түседі деп елді таң қалдыратын ұсыныс жасады.
Бұдан былай жеке куәліктің орнына смартфон ұстап жүруіңіз әбден мүмкін
|
Шенеунік жеке және жүргізуші куәлігі, көліктің техникалық паспорттарын алып тастап, оның барлығын телефондағы қосымшаға енгізуді ұсынды. Яғни, базаға кіріп кез келген мәліметті қарауға болады. Сонда қазақстандықтар қаптаған құжаттардың орнына өзімен бірге тек смартфон ғана ұстайды деп отыр.
Бағдат Мусиннің ойынша, құжаттардың әрқайсысын шығарғаннан гөрі, әр адамға ұялы телефон сатып әперген мемлекетке арзанға түседі екен. Сондай-ақ, комитет төрағасы мемлекеттік қызметкерлерге смартфон қолдануға тыйым салуға қарсы екенін де айтып қалды. Әзірге, шендінің бұл ұсыныстары еш жерге ресми жарияланған жоқ.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапондар әлемде алғаш рет тіс өсіретін дәрі жасады
■
Еуропалық елдегі бірегей жоба: сусыз жұмыс істейтін гидро-электр стансасы іске қосылады (видео)
■
Ауғанстанда апиыншылар бас көтерді
■
Байкардың жаңа ұшқышсыз ұшу аппараты отандық қозғалтқышымен биіктік рекордын жаңартты (видео)
■
Араб елінде газдың тағы бір кені табылды