Берiк Әбдiғали: Терроризм дiннің ғана атын жамылмайды
Берiк Әбдiғали: Терроризм дiннің ғана атын жамылмайды
8 жыл бұрын 2189 BNews.kz Айымгүл ӘБІЛЕВА

Терроризм дiннің ғана атын жамылмайды, ол мүмкiндiгiнше қоғамдағы наразылық ниеттi пайдаланып қалғысы келеді. Астанада талқыланып жатқан «Қазiргi кезеңдегi экстремизм мен терроризмнiң алдын алу мен жолын кесудiң заңнамалық және институционалдық шаралары» жиынында қоғам қайраткерi Берiк Әбдiғали осындай пiкiр бiлдiрдi. 

«Терроризм мен экстремизм тек қана дiннің атын жамылмайды. Бүгiнгi күнi ол мүмкiндiгiнше қоғамдағы наразылық ниеттi пайдаланып қалғысы келеді. Әлеуметтiк мәселенiң де атын жамылады, керек десеңiз, ертең тiл мәселесiне де араласады», - дейдi Б.Әбдiғали.

Оның пiкiрiнше, бүгiнгi қоғамдағы қазақ тiлi мәселесi шешiлмесе, ол да экстремизм мен терроризмге әкелуi әбден мүмкiн.

«Қазақ тiлi мәселесiн шешпесек, үлкен саяси проблемаға айналуы ықтимал», - дейдi қоғам қайраткерi. 

Б.Әбдiғалидiң пайымдауынша, тiл, бiлiм саласындағы реформаларды жер мәселесi сияқты қоғам болып талқылау қажет.

«Мәжiлiстiң осындай бастамасына тек қолдау көрсетiп, қоғамдағы мәселелердi талқылау керек. Сонда ғана экстремизм мен терроризмнiң алдын аламыз», - деген сенiмiн бiлдiрдi ол.

0 пікір
Мұрағат